Оралда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен екі тұрғын ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 25 қыркүйек күні Оралға қарасты Зашаған кентінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін автокөлікті тоқтатқан.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полиция қызметкерлерінің құжатты көрсету жөніндегі заңды талабына автокөлік жүргізушісі мен жолаушысы бағынбай, қатты қарсы көрсеткен.

Жарақат алғандарына қарамастан, полицейлер 1992 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушыны қолға түсірді. Қазіргі кезде аталған екеу уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 380-бабына сәйкес (билік өкіліне қатысты күш көрсету) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 612-бабы 3-бөлігі (көлік құралын басқару құқығынан айырылса, көлікті айдау) және 590-бабы 3-бөлігі (көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін белгісіз біреулердің полиция қызметкерлерімен төбелесі әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бірақ онда оқиға орны ретінде Ақсай қаласы көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар