Оралда отырып ойнайтын волейболдан ҚР чемпионатының үшінші туры өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы «Арман» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында отырып ойнайтын волейболдан ҚР чемпионаты үшінші турының ойындары басталды.

5
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, айтулы додаға Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының және Жаңаөзен қаласының командалары қатысуда.

4  

Жарыстың ашылу салтанатында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов, мүгедектер спорты бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ерназар Бексұлтанов, облыстық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

3  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир Рио-де-Жанейрода  мәреге жеткен ХV жазғы паралимпиадалық ойындардан кейін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтуде. Отырып ойнайтын волейбол - елімізде кең тараған олимпиадалық спорт түрі. Ол ойыншылардың ағзасын шыңдап, күш-қайрат қосады, бәсекелестік рухты үстеп, командалық ынтымақтастықты арттырады. Енді алдағы мақсат - 2020 жылы Токиода өтетін ХVІ жазғы паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін тыңғылықты дайындалу. Осындай жарыстар қорытындысына сәйкес ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.

Айта кетейік, үшінші тур ойындары 3 қазанда мәреге жетеді.

2 1  

Соңғы жаңалықтар