Оралда Мұғалімдер күніне орай озат ұстаздар марапатталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Мұғалімдер күніне орай «Мәңгілік елдің ұстазы» атты салтанатты жиын өткізілді.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың атап өткеніндей, білікті де білімді маман қай кезде де керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда тәуелсіз еліміздің жеткіншек ұрпағының сапалы білім алып, тәлім-тәрбиесі мықты болып өсуі үшін ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қолдау көрсетілуде. Сондықтан қазіргі таңдағы басты мақсат та  осы жауапкершілік жүгін көтеріп, сенім биігінен шығу болса керек. Елге, Отанға деген сүйіспеншілікті, адами, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруде ұстаздар еңбегі өлшеусіз. Сол себепті оларға деген құрмет те бәсеңдемек емес.

Жиын барысында озат ұстаздарға облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді. Олардың қатарында Орал қаласындағы А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп директоры Александр Мозжухин, сервис және жаңа технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Лариса Наботова, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Тілепова, Назарбаев зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Мирамгүл Бегжанова және басқалар бар.

Жуырда елордада өткен «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары, Оралдағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмара Траисова, Бөрлі ауданы №3 мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологы Ботагөз Еділбаева, технологиялық колледждің арнайы пән оқытушысы Гүлшат Сүйіноваға құрмет көрсетілді. Басқа да ұстаздар түрлі аталымдармен марапатталып, естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар