Оралда «Мемлекеттік тіл - менің тілім» республикалық байқауы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы әскерлеріндегі өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» республикалық байқауы мәреге жетті.

null
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен подполковник Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, Оралдағы 5517-әскери бөлім клубында өткен қорытынды сынға алдыңғы кезеңдерде жеңімпаз атанған тоғыз үміткер қатысты. Олар бастау, өрлеу және баяндау сынды айналымнан тұратын сайыс ережелері бойынша алдымен өздерін таныстырып, сосын қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінді оқып берді. Отан, әскери міндет, отбасы, тәрбие туралы мақал-мәтелді қаншалықты білетіндіктерін көрсетіп, сауатты сөйлем құрастыра білу мен сөйлеу мәдениетінен жарысты. Ең соңында қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнерінен сахналық көрініс қойды.

null null  
null  

ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың атап өткеніндей, жыл сайын қатысушылардың дайындық деңгейі көтеріліп келеді. Әскери қызметкерлер арасында мемлекеттік тілге деген қажеттілік артып, қолданылу аясы кеңеюі үшін әлі де көптеген шаралар қолға алынатын болады.

Байқау қорытындысында Теміртау қаласындағы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516-әскери бөлімінің капитаны, қазақ тілін барынша жетік меңгерген Дмитрий Мекаев қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жеңіп алды. Астана қаласындағы 5573-әскери бөлімінің аға лейтенанты Сергей Астраханцев екінші, Петропавл қаласынан келген ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының төртінші курс студенті Иван Ефремов үшінші орынды иеленді. Оларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Басқа қатысушылар да құр қалған жоқ.

null null null  

Сонымен қатар оқу-әдістемелік жиын барысында ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен әскерде үлгілі қызмет етіп жүрген үздік тіл мамандары марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар