Оралда Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» қойылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайыптың (Иранбек Оразбаев) «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалі аясында автордың «Естайдың Қорланы» махаббатнамасын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов сахналаған қойылымда ғұмыр бойы бір-біріне ғашық боп өткен Естай мен Қорланның махаббат сыры шертіледі. Қартайған шағында жалғыз ұлы мен әйелінен айырылған Естай қырық жыл өткен соң Қорланға келіп жолығады. Бір-бірін өле-өлгенше сүйгенімен, араларында Қорланның күйеуі бар. Екеуінің басындағы трагедиялық халді актерлер барынша нанымды бейнелеген.

Бұл спектакль Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, өмір мен өнерде қырық жыл бойы қатар келе жатқан Сағат Жылгелдиев пен Жібек Лебаеваның 60 жасқа толуына орай қойылған болатын.

Еске сала кетейік, 22 қазан күні басталған фестиваль барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры бұған дейін жексенбі күні Иран-Ғайыптың «Фатима» атты қасіретнамасын (режиссері - Мұрат Ахманов) қойған еді. Бұған ел тарихында ерекше із қалдырған Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сынды үш бірдей ірі тұлғаға сүйеу болған Фатиманың өмірі арқау ретінде тартылған. Бұл спектакль тәуелсіздікке оңайлықпен қол жетпегенін, сол жолда талай арыстардың құрбан болғандығын, махаббат оты сонда да сөнбегендігін көрсетеді.

Аталмыш театр фестивалі 27 қазан күні аяқталмақ. 

null null null null  

null 

Соңғы жаңалықтар