Оралда автобус тракторды «төңкеріп» тастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында Шаған өзені арқылы өтетін көпір мен Зашаған кенті аралығында №22 бағытпен жүретін автобус көше тазалайтын трактормен түйіскен. Соның салдарынан трактор аударылып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 12.00-ге дейін орын алған сыңайлы. Автобустың «мұрты қисайғанмен», аударылмаған.

Қазіргі кезде аталмыш оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Жалпы, тұрғындар №22 бағыттағы автобустың өте тез жүретінін, міне қалса, имандарын үйіріп отыратынын айтады. 

null 

Соңғы жаңалықтар