ОПЕК кезектен тыс мәжіліс өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталмыш ұйымдағы дереккөз 28-қыркүйек күні Алжирде өтетін мұнай экспорттаушы елдердің бейресми кездесуінде тараптар ортақ мәмілеге келетін болса, ОПЕК-ке мүше елдердің кездесуі 30-қараша күні өткізілуі мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы ОПЕК әкімшілігіндегі дереккөз хабарлады деп жазды tass.ru.

«Егер олар ертең қандай да бір келісімге келетін болса, онда кезектен тыс мәжіліс шақырылады. Ондай жағдайда кезектен тыс мәжіліс келесі жоспарлы сессия кезінде, яғни, 30 қараша күні өтеді»,-деді дереккөз ТАСС тілшісімен әңгіме барысында.

Соңғы жаңалықтар