Оңтүстік Қазақстанда тамшылатып суару құрылғылары шығарылатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару жүйесінің құрылғыларын шығаратын зауыт салынады, деп хабарлады ontustik.gov.kz.

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады.

Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, осы жылдың 28-29 сәуірінде облысымызда өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.

null 

Соңғы жаңалықтар