Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Астанада көпқабатты үйлер пайдалануға беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» қатысу үшін өтініш қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Нысан «Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалау, № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 жобалық атаулары көшелерінің қиылысы, №15 Лот» мекен-жайында орналасқан.

null 1  

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2016 жылдың қараша айы. 
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеуде 120 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: IV.  Пәтер саны: 251, 
Банк желісі бойынша пәтер саны 126, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен ауданы - 43,4 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 65 пәтер, ең үлкен ауданы - 60,69 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 58 пәтер, ең үлкен ауданы - 78,82 ш.м.
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 26.09.2016 ж. бастап 26.10.2016 ж. дейін.
Балл есептелетін күн (үміткерлерді іріктеу): 27.10.2016 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 14.11.2016 ж. бастап 14.12.2016 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 26.09.2016 ж. бастап 28.12.2016 ж. дейін.
Тұрғын үй бөлінетін күн: 29.12.2016 ж.
Қосымша келісімге қол қою мерзімі: 10.01.2017 г. бастап 23.01.2017 ж. дейін.
Банктің hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. 
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады. 
Банктің hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар. 

null null

Бөлу тәртібі банктің hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі банктің hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 
Құжаттар банктің «Астана қ. Сығанақ к-сі, 29 ВП -3» мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе «Астана №1 ҚО , Мәскеу к-сі 29 (34 пәтер)», «Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4», «Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а» мекенжайында қабылданады. 

Қосымша сұрақтар туған жағдайда, банктің Колл-центріне хабарласуыңызды өтінеміз. 

Соңғы жаңалықтар