Өндірісте жарақат алған «Қазақмыс» қызметкері 400 мың теңге өндіріп алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Балқаш қаласында өндірісте жарақат алып, мүгедек болып қалған байыту фабрикасының қызметкері сотта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеңіп шықты.

Флотатор болып еңбек еткен әйел компанияға қарсы азаматтық талап түсіріп, моральдық залалды 1 миллион теңгеге бағалады. Сот оның талабын жартылай қанағаттандырды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нан С. пайдасына моральдық шығын 400 мың теңге және өкілдік шығын 65 мың теңге көлемінде, барлығы 465 мың теңге өндірілісін», - деп шешім шығарды Балқаш қалалық соты.

Сонымен бірге, компаниядан мемлекет пайдасына 1061 теңге көлемінде мемлекеттік баж алынды.

Талап мәлімдемесі бойынша, әйел «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Қарағандыцветмет» өндіріс бірлестігі байыту фабрикасында 8 жыл флоратор болып жұмыс істеген. Оқыс оқиға 2013 жылы 26 тамызда болған. Жұмысшы гидроциклон құмын қабылдау нүктесіне көтерілу барысында 0,8 метр биіктіктен құлап, жарақат алған. Оған ұзақ мерзімді стационарлық және амбулаториялық ем қабылдау қажет болған. 2016 жылдың наурыз айында әйелдің еңбек жарақаты салдарынан 2-топтағы мүгедектігі және 65% кәсіби еңбекке жарамсыздығы анықталды. Сол сәтте ол денсаулығына байланысты жұмысынан айырылды. Компания кері талап төлемдерін тағайындады.

Соңғы жаңалықтар