Олжас Сүлейменов банктерге мәдениет қорына Италиядағыдай ақша аударуды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Олжас Сүлейменов әдебиет пен мәдениетті сақтау мен дамыту мәселелерінде италия тәжірибесін үйренуді ұсынды. Бұл туралы ол Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының көшпелі отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Олжас есімді жас ақын газеттердің біріне сұхбат берді. Онда ол 100 парақтан астам қолжазбаға 25 мың теңге алғандығын әрі оны көп жағдайда өз туындысын сатып алуға  жұмсағанын айтты. Күнделікті тіршілігіне де жеткіліксіз. Бұл жағдайда алдымен кітапқа обал болды. Халық қымбат кітап сатып ала алмайды, ал арзан кітап жоқтың қасы. Кеңес одағы кезіндегі кітап тарату жүйесі жазушыларды барлығымен қамтамасыз етіп отырды, оларды тұрғын үймен, емделумен және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ете алатын қорды қарастырды. Бізде осының бірі де жоқ. Мен 25 жыл ішінде қаламақы түрінде бірде бір теңге алғаным жоқ, жаңа ғана қолына қалам алған  «олжастардың» күні не болмақ. Қазір жазушылардың кәсібі керексіз болып барады. Бұрын біз мақтанатынбыз. Кәсіби жазатындар қалмады, тек кәсіпқой жазушылар бар. Қазақстандық жас қаламгерлер әдебиеті елеулі соққы көрді» деп қадай айтты Олжас Сүлейменов. Ол мысал ретінде кітаптың жарыққа шығуына орай барған кездегі Италияда алған әсерімен бөлісті. «1998 жылы Италияда Чампи заңы қабылданды. Парламент депутаттары барлық жеке банктерді  өз жылдық табыстарының бір бөлігін министрліктен бөлек жұмыс жасайтын тәуелсіз мәдениет қорына аударуға міндеттеді. Мәдениет бюджеттік емес нарықтық қаражатқа ие болады. Сондықтан да олар көп нәрсеге қол жеткізді. Осы мәдениет қоры 80 бөлімшеден тұрады. Мен осы мәселені министрлер кабинетіне жаздым және енгіздім. Біздің Үкімет осы Чампи заңын зерттеуі тиіс деп ойлаймын»- деп сөзін тәмамдады Олжас Сүлейменов. 

Соңғы жаңалықтар