ОҚО жүргізушілері үш күнде 864 рет жол ережесін бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жүргізілген «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 900-ге жуық фактісі анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шараға мыңнан астам полиция және басқа да қызметтер өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар қызметкерлері жұмылдырылды.

Шара барысында қоғамдық және жолаушылар тасымалдау көліктерінің жүргізушілері тарапынан жол ережесін бұзудың 864 дерегі анықталды. 

Полицейлер жылдамдықты арттырған 76, маневр жасау ережесін бұзған 117,  еңбек және демалыс тәртібін сақтамаған 11, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 243, жолаушыларды және багажды тасымалдауға  рұқсат беру куәлігі болмаған 20 жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықтаудың 18,  техникалық байқаудан  өтпеудің 105, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 50, ауаға шығарылатын қалдықты заттардың нормадан асуының 20 дерегі анықталса, қалған 92 дерек басқа да бұзушылықтар.

Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп отыратын алдын алу іс-шаралары  жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының  жолын кесіп, санын азайтады деп сенеді.

Соңғы жаңалықтар