ОҚО-ның Мақтарал бос орынға мәслихат депутатын сайлауға дайын

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Үстiмiздегi жылы 30 қазанда Мақтарал ауданында да орыны босаған облыстық мәслихат депутатының орнына сайлау өтедi, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Саяси науқан қарсаңында Оңтүстiк Қазақстан облысты аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмiрдин Әлiшов пен осы комиссияның мүшесi Алтынбек Кеттебеков Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйiнде орналасқан №25 сайлау округiнiң  науқанына дайындық жұмыстарымен танысты және арнайы жиын өткiзiп, округтiк, учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiмен кездестi.

Бас қосуда №25 сайлау округi комиссиясының хатшысы Гүлжан Қалдарбекова сайлауға әзiрлiк бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазiргi таңда осы сайлау округiнен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат болып белгiлi кәсiпкер Бауыржан Жамалов, Жетiсай қаласындағы №122 орта мектеп директорының оқу iсi жөнiндегi орынбасары Жандос Сапаров және «Мырзакент» мақта өңдеу зауытының агрономы Абжапар Сыдықовтар тiркелген.

Алғашқыда сайлауға алты үмiткер тiркелгенiмен кейiн екеуi кандидатураларын өз ерiктерiмен қайтарып алған, бiреуi декларация құжатында кездескен кемшiлiк үшiн додадан шығып қалған.

Бүгiнiгі күнi 27 523 сайлаушы тiзiмi жасақталып, оларға сайлауға қатысу үшiн арнайы шақыру қағаздары жiберiлген. Сайлау өтетiн 28 сайлау учаскесiнде техникалық ұйымдастырушылық жұмыстары толық шешiлген, науқанға дайындықтары ойдағыдай.

Сайлауалды үгiт-насихат жұмыстары заң аясында өткiзiлiп, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мырзакент, Жамбыл, Бiрлiк, Иiржар, Еңбекшi, Жаңа жол ауыл округi тұрғындарымен кездесті.  

 

 

  

Соңғы жаңалықтар