ОҚО: Мақтаралда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы - 2016» байқауы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақ тілінің үздік оқытушысы - 2016» байқауы болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Бәйгеге өзге тілді сыныптарға қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздар қатысты.

«Өзін-өзі таныстыру», «Оқытушының жеке портфолиосы», «Сабақ үлгісін көрсету» шарттары бойынша қатысқан ұстаздарға әділ қазылар алқасы біліміне, өзін-өзі ұстауына, портфолионың бірізділігі мен ерекше құрылымына, сабақ өту процесіндегі жаңа технологиялардың тиімді пайдаланылуына баса назар аударды.

Әділ қазылар алқасының шешімімен І орынды Әл-Фараби мектебінің қазақ тілі оқытушысы, өзбек ұлтының өкілі Насиба Каландарова иеленді. ІІ орынды №1 М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Айнұр Холбаева жеңіп алса, ІII орынды «Мырзакент» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі  Ғалия Төреқұлова еншіледі. Байқауға қатысқан мұғалімдердің дайындығы жоғары болды. Қазылардың жеңімпаздарды анықтауы да оңайға соққан жоқ. Бәрі де бір-бір мектептің алдыңғы қатарлы үздік ұстаздары. Осылайша үздіктердің үздіктері анықталды. Байқаудың барлық қатысушылары орталық тарапынан алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар