ОҚО-да ұстазынан таяқ жеген оқушы жансақтау бөліміне түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент ауылының тұрғыны мектеп мұғалімі ұлын соққыға жыққанын, салдарынан бала бас-ми жарақатын алғанын мәлімдеуде.

Оның үстіне, оқиға болған жарты жылдан соң, баланың көру қабілеті күрт нашарлай бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 21 сәуір күні Рашидов атындағы №64 мектепте, өзбек тілі сабағы барысында болған. Бесінші сыныпқа көшкен ұлдың әкесінің айтуынша, не мектеп әкімшілігі, не құзіретті органдар ешбір шара қолданбаған. Шерали Зундинов әділдік іздеп «Нұр Отан» партиясының облыстық штабына барды.

Оның сөзіне қарағанда, педагог балаға әлдебір қиын грамматиканы үйреткісі келген болуы керек, басын партаға ұра берген. Осындай «ғылымнан» кейін бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Ата-ана дереу полиция мен аудандық білім бөліміне арыз жазған. Алайда, тергеуші Талат Дәулетбақов уақытты созып жүр, ал аудандық білім бөлімі әкенің арызына мән беріп те қарамаған.

Баланың құқығы үшін прокурор Еркен Ағабеков күресуде. «Нұр Отан» қоғамдық қабылдау жетекшісі Берік Құлжанов әкеге тағы бір арыз жазуға кеңес беріп, шара қолданатындарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар