ОҚО-да балаға берілетін 4 құжат біріктірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардың 4 түрі біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын бұл қызметке түрі баланың туу туралы куәлігі мен тууына байланысты әлеуметтік бір жылдық төлемақысы, сонымен қатар, оның бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақысы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою қызметтері жатады.

Бүгінде облыстың барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО мен АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде. Аталған қызмет іске қосылған бір күннің ішінде 136 баланың құжаттары осы қызмет түрімен рәсімделген. Өңір тұрғындары енді жоғарыда аталған 4 құжатты алу үшін түрлі мекеме орталықтарының табалдырығын тоздырмай, ХҚКО-ға барып бір өтініш негізінде іске асыруға болады.

Бүгінде облыс жұртшылығы арасында бұл қызмет түріне оң пікірін білдірушілер көбеюде.

Соңғы жаңалықтар