ОҚО-да Арыс қаласының бозбалалары әскер қатарына аттанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына орай Арыс қалалық ішкі саясат және қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің басты тұғырына айналған Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында әскери борышын өтеуді абырой санайтын болашақ жауынгерлерді әскер қатарына шығарып салу салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын ұлан байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап, бізге аманаттап қалдырды. Отанды қорғау  қастерлі іс. Құрметті болашақ жауынгерлер Отан алдындағы борыштарыңызды аброймен атқарып, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлес қосыңыздар» - деді салтанатты шарада сөз алған Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбол Әлібек

Жиында Ұлы Отан соғысының ардагері М.Третьяков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков, «Отан» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің» төрағасы С.Арынов, қаланың бас имамы А.Абдулкәрім, қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Е.Біләлов, №44859 әскери бөлім командирінің орынбасары М.Мәліковтер жас сарбаздарға жауынгерлік антқа адал болып, аброймен жұнұяларына оралуына тілектестіктерін білдірді. Салтанатты жиынның соңы Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебі өнерпаздарының патриоттық ән кешіне жалғасты.

 

Соңғы жаңалықтар