«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы СҚО-да 4 үй салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4 үй тұрғызылады, деп хабарлады аймақтық ОКҚ брифингі барысында «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ СҚО филиалының директоры Райхан Әбдірахманова.

Биылғы жыл аяғына дейін «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ салымшыларына Береке шағынауданы, Гастелло көшесінде орналасқан 3 тұрғын үйдегі 220 пәтер пайдалануға беріледі.

«Баспана Тұрғынүйқұрылысжинақбанк салымшылары мен жергілікті атқару органында кезекте тұрған жандарға беріледі. Сонымен бірге, жергілікті атқару органында кезекте тұрғандар Жилстройсбербанк салымшылары болуы тиіс, яғни олар депозит ашып, қаражат жинауы тиіс немесе бір уақытта қажетті соманы салуы керек», - деді Р.Әбдірахманова.

Сонымен бірге, ол бағдарламаға енгізілген өзгерістер және жергілікті атқару органдары арқылы несиелік баспана құрылысы бағыты бойынша  «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысушыларды  іріктеу тәртібін айтып өтті. 

Айта кетейік, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 2016 жылдың мамыр айында бағдарламаға, атап айтқанда, баспананы жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді тұрғынүйқұрылыс жинағы арқылы кейін сатып алу құқығы бар жалдамалы пәтерлер берілмейді. 

null 

Соңғы жаңалықтар