«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген жылдық қаражат 70%-ға игерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген жылдық қаражат 70%-ға игерілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Министр 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 70%-ға игерілгендігін атап өтті.

Қаржы министрінің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының бюджетті бөлігін игеру динамикасы жақсы деңгейде.

«Әкімшілер тарапынан ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін толық көлемде қаржы бөлінді. Олар - Астана қаласының халықаралық әуежайы, «Жезқазған-Бейнеу» және «Алматы-Шу» темір жол желілері, Құрық портындағы паром кешені, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымдары. Бұл жобалар болашақта мультипликативті әсерін береді», - деді Б. Сұлтанов.

Министр өз кезегінде өңірлерге бөлінген қаржы тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталатынын мәлім етті.

Жергілікті органдар 161,6 млрд. теңгені немесе бөлінген қаржының 97,1%-ын игерді. Жыл соңына дейін игерілмеген 3,7 млрд теңге қаржы қалып отыр.

«Жалпы алғанда, игеру тиімді кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қалған қаржы жыл соңына дейін тепе-тең бөлінді», - деп түйді сөзін Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар