Ninety One тобын шетелдіктер қаржыландырып отырған жоқ - топ продюсері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Ninety One тобын шетелдіктер қаржыландырып отырған жоқ. Бұл туралы Хабар телеарнасының «Компромат» бағдарламасында аталған тобптың продюсері Ерболат Беделхан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама барысында қонақтардың бірі Ерболаттың топты алып жүруге қаржысы бар дегенге сенбейтінгінін айта келе кім қаржыландыратындығын сұраған болатын.

«Дұрыс айтасыз, бізде коммерциялық тұрғыда мүлдем дұрыс дамымағанбыз. Себебі, бізде тойдың арқасында локальды тұрғыда музыка дамыды. Салыстыратын болсақ, Қазақстанда бүкіл әлемдік брендтің барлығы бар. Мәселен, өкінішке орай Орда тобының бренді Қазақстанның бірде-бір әртісіне сай келмейді», - деді ол.

Осы ретте топ продюсері Қазақстан әншілері әлемдік әртістермен терезесі тең болуы үшін нақты жұмыс істеуі, әрекетке бару керектігін айтты.

«Жастардың музыкасын кім жасап жатыр? Біз бірінші болып шыққан кезде қандай сөздер еруде. Ал қаржыны концерттен табамыз. Біз 1 жылдың ішінде 6 қалада концерт бердік, әр концертке 2-2,5 мың адам келді. Ешқандай шетелден қаржы алып отырған жоқпыз. Тек өзімнің, жеке басымның қаражаты. 2 жыл бойы осы балаларды тәрбиеледім. Соңғы жылдары «фан сайн», «фан митинг», концерттердің арқасында ақшамызды қайтарып жатырмыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар