Нидерланды Елшісі: Үкіметтік емес ұйым демеушілері шаршады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Әлемде Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) донорларының көбіне бас тартуы байқалады. Бұл туралы ҮЕҰ үшін өткізілген тренингте Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің елшісі Дирк Ян Коп мәлім етті.

«Биылғы жыл басынан бері Евразия-Орталық Азия қоры Нидерланды елшілігінің қолдауымен ҮЕҰ тұрақты дмауы үшін екі бағыт: қаржылық және ұйым ретінде тұрақтылық бағыты бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр», - деді Дирк Ян Коп.

Елші үкіметтік емес ұйымдарға ақшалау демеу шетелдік қаржы көздерінен донорлық әрекеттің қысқаруына байланысты азайып отырғанын айтты.

«Екінші жағынан, донорлардың «шаршауын» айтуға болады. Мәселен, әлемдік донорлық қауымдастық толассыз көмек сұраған өтінімдерге соңғы уақытта селт етпеді», - деді ол.

Елшінің айтуынша, үшіншіден, жалпы донорлық бағдарламалардың қысқарып бара жатқаны байқалады.

«Қазіргі уақытта адам құқығы, әлеуметтік тақырыптар туралы мәселелерді шешуге үрйеншікті бағыттан гөрі, жаңа жолдар іздеу қажеттілігі туындап отыр», - деді Дирк Ян Коп. 

Соңғы жаңалықтар