Назарбаев зияткерлік мектептерінде озық американдық сандық зертханалар ашылған (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев зияткерлік мектептерінде физика, химия және биология пәндерін өткізуде жетекші американдық "Pasco" компаниясының сандық зертханалары пайдаланылады. Бұл туралы Қазақстандағы "Pasco" ресми дилері - «Interactiv Kazakhstan» ЖШС бас директоры - Нұрлан Құрақбай хабарлады.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінде пайдаланылатын бұл құрылғылар білім және ғылымның әлемдік стандарттарына сай зертханалық жұмыстар жүргізуге жол ашады", - деді ол.

"Spark" зертхана кешеніне құрылғыны тіркейтін оқу құралы, химиялық құрылғы (температура, қуат, абсолютті қысым, сұйықтықтағы pH), су сапасын анықтайтын құрылғы (температура, pH, ISЕ, ТҚП, оттегінің еруі мен өткізгіштігі), ауа райын анықтайтын құрылғы (температура, барометрлік қысым, салыстырмалы және абсолютті ылғалдылық, желдің жылдамдығы мен екпіні және т.б), тығыздықты анықтайтын жабдық, таразы, жылытқыш плита, тамшы есептегіші, магнитті бұлғауыш, химия бойынша тәжірибе құрылғылары, сұйықтық электролизі, қосылыстарды бөлу, хромотография, электр өткізгіштігі, химиялық байланыстар, қышқылдар мен негіздерінің құрылғылары, сонымен бірге қозғалыс, жарық, дыбыс, көмірқышқыл газының және т.б. құрылғылары кіреді. «Interactiv Kazakhstan» мектептерде осындай зертханалар орнатқан соң мұғалімдер үшін арнайы курстар өткізеді. Мұғалімдер зертханаға қатысты сауалдарын онлайн режимде де жолдай алады. Бүгінде "Pasco" зертхана кешендерін пайдаланудың әдістемелік нұсқаулары қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Соңғы жаңалықтар