Назарбаев пен Путин қатысатын аймақаралық форумда Ресейде шығарылатын ұшқышсыз құрылғы таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшқышсыз ұшып, әуеден фототүсірілім жасайтын құрылғыны шығарушы «Геоскан» компаниясы Астана қаласының 3D картасын әзірлеу үшін елордамызды әуеден суретке түсірмекші. Ал, бұл суреттер 4 қазан күні Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін аймақаралық форум барысында таныстырылады.

«Геоскан» компаниялар тобының президенті Алексей Семенов РФ Президенті жанындағы көшбасшылар клубының мүшесі. Ол Астанада өтетін форумға шақыру алды. Бұл форумға Астана қаласының әкімі мен Ресей Президенті қатысады. Осы орайды пайдаланып, Астана қаласының бір бөлігінен 3D форматтағы картаны көрсетпекпіз. Бұл жобаны «Геоскан» компаниясы мен Қазақстан Ғарыш Сапарының арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі ретінде көрсеткіміз келеді», - дейді «ҚазАқпарат» тілшісімен әңгімелескен «Геоскан» компаниясының маркетинг жөніндегі директор орынбасары Михаил Барабаш.

Оның айтуынша, компанияның құрылғылары Астана қаласының бір бөлігін ғана емес, қаланы әуеден толық суретке түсіріп, Қазақстанның тағы бірнеше ірі қалаларын қамтымақ. Бұл 3D форматтағы карталар әдемі картина үшін емес, қала әкімшілігінің болашақтағы жобалары үшін қажет болады деп сендірді ол. Егер Астана қаласының әкімдігі келісіп жатса, суреттер елорда әкімдігіне сатылады.

«Егер қала әкімдігі келіспесе, біздегі мәліметтер ешқайда пайдаланылмайды. Біріншіден, бұл суреттерді түсіру үшін күш құрылымдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімін алдық, қазір Президент әкімшілігінен жауап күтіп отырмыз. Біз заңға бағынатын компаниямыз, тіпті, Ресейдің өзінде түсіргіміз келген аумақтың әкімшілігінен рұқсат сұраймыз», - деп түсіндірді Михаил Барабаш.

null null  

Соңғы жаңалықтар