Назарбаев: Елдің табысты дамуының кепілі - Конституцияны мүлтіксіз орындау

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне арналған «Конституция - қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға құттықтау жолдады.

Құттықтау хатын еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.

«Құрметті достар! ҚР Конституциясы күніне арналған халықаралық конференция еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жылында өтуде. Қазақстан ширек ғасырдың ішінде ұлттардың әлемдік отбасының лайықты қатысушысына айналды. Елдің табысты дамуының  негізгі көзі мен кепілі - республикалық референдумда қабылданған Конституция әріптері мен рухын мүлтіксіз орындау. Негізгі заң нормаларының арқасында сенімді экономикалық өсімді, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренадағы ел беделінің көтерілуін қамтамасыз ететін терең реформалар жүргізілді», - делінген Елбасы құттықтауында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан осы ғасырдың орта шенінде әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан орын алу сынды ұлы мақсатты алдына жүктеп отырғандығын атап өткен. Оны жүзеге асыру үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, 5 институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт жоспары қолға алынған.

«Конституция бекітілген құндылықтар «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде де көрініс тапқан. Қоғам мен мемлекеттік бірлескен күш-жігері Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған. Конференция қатысушыларының ғылыми идеялары елдің одан ары құқықтық дамуына септігін тигізеріне сенімдімін», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

null null null 

Соңғы жаңалықтар