Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 337.16
EUR 379.10
RUB 5.29
CNY 50.56

Н. Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы-2015» атағы берілді

2015 жылдың 9 желтоқсан 22:20

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша «Жыл адамы-2015» сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудегі Құтқарушы Христ Шіркеуінде өтті.

Ұйымдастырушылар - Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясаттағы үздік жетістігі және Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы үлесі үшін бұл сыйлыққа лайық деп танылды.

Еске салайық, 2012 және 2014 жылы да Қазақстан Көшбасшысы осы атаққа ие болған болатын.

Сондай-ақ осы жылғы лауреаттар арасында РФ Президенті В. Путин, БР Президенті А. Лукашенко, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Куба Президенті Р. Кастро, Татарстанның Тұңғыш Президенті М. Шаймиев, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирил, академик Л. Бокерия, кинорежиссер Н. Михалков, т.б. бар.   



null  


null 

null  

 

 

Пікір қалдыру