Мұнайдың бағасы 20 доллардан да төмен болуы мүмкін - Венесуэла министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың Мұнай және тау-кен өнеркәсібі министрі Эулохио дель Пино ірі көлемде мұнай өндіретін мемлекеттердің өкілдері Алжирде болатын кездесуде өздерінің іс-әрекеттерін үйлестіре алмайтын болса, мұнай бағасы 20 доллардан да төмен болуы мүмкін деген болжам айтты.

Бұл туралы РБК хабарлады.

«Біз баға мәселесі бойынша қиындыққа тап болмау үшін Сауд Арбиясы мен Иранмен тұрақты байланыстамыз. Егер біз келісімге келе алмасақ, бағамен байланысты болып жатқан қитұрқы әрекеттердің құрбаны боламыз. Онда мұнай бағасы барреліне 20 доллардан да төмендеуі мүмкін»,-деді дель Пино.

Қазіргі таңда Bank of America сарапшылары мұнай нарығында баға мәселесіне қатысты соғыстарды жалғастырудың ешқандай мәні жоқ екендігін айтып отыр. Банк сарапшыларының деректері бойынша, бүгінгі таңда мұнайды өндіру көлемін ұлғайту ешқандай да пайда әкелмейді және ОПЕК үшін де мұнай өндіру ісіне инвестицияларды ұлғайту тиімсіз.

РБК мәліметтері бойынша, егер картель мүшелері бағаны тұрақтандыру бағытында бір келісімге келетін болса, ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің кездесуі Алжирде 28 қыркүйекте өтеді. Алайда, ОПЕК мүшелерінің бір-бірімен тіл табыса алмауы әбден мүмкін. Өйткені, Сауд Арабиясы мен Иран әлі күнге дейін өзара келісімге келе алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар