Миллиондаған адам тамашалаған ғарыштан онлайн-трансляция жалған болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Фейсбуктегі бірнеше қауымдастық Халықаралық ғарыш стансасынан онлайн-трансляция жүргізіле бастағанын жариялаған. Желі пайдаланушыларына ғарышкерлер тікелей эфирде ашық ғарышқа шыққаны көрсетілген. Бейнекөрсетілім үш пабликте 50 миллион мәрте қаралған.

Алайда Mashable порталы оның шындыққа сай еместігін анықтады. «Тікелей көрсетілім» UNILAD, Viral USA және INTERESTINATE парақшаларында жүргізілген. Журналистер NASA-ның ресми парақшасында және сайтында трансляция жүргізілмек түгілі бір рет те ескертілмегенінен сезіктенген.

Басылым кадрдағы бейне 2013 жылы екі ресейлік ғарышкердің ашық ғарышқа шыққанына қатты ұқсастығын алға тартады. Ал NASA журналистерге сол күні тікелей көрсетілім болмағанын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар