Мэри Уорлик: Қазақстан Қашағанды игеруді жалғастыруы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың бағасы ең төмен болған жағдайда да Қазақстан мұнайды игеруді жалғастыруы тиіс, деді бүгін АҚШ мемхатшысының энергетика бойынша көмекшісінің орынбасары Мэри Уорлик, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қашаған сияқты ірі жобаларды жүзеге асыру мұнай бағасы төмен болған жағдайда коммерциялық тұрғыда қаншалықты тиімді және оны жалғастыру керек пе деген мәселе туындады.Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, кен орындарында мұнай өндірісін жалғастыру үшін маңызды», - деді Мэри Уорлик Астанадағы АҚШ Елшілігіндегі брифингте.

«Алайда өндіріс жұмысын тоқтатса, жаһандық нарық жағдайының өзгеру қаупі бар. Сөйтіп бұл ресурстардың тапшылығы проблемасына ұшырауымыз мүмкін. Бұл ел үшін кері әсер етеді. Сондықтан қазір нарықтың анық болғаны, оны болжай білу керек», - деді Уорлик.

 

 Сонымен қатар бұл энергетикалық қауіпсіздік мәселесін қозғап отыр.

 «Мұнай-газ ресурстарының өндірісі жалғасу керек... Америкалық компаниялар көп жылдар бойы Қазақстан экономикасына, мұнай-газ секторына және т.б. салаларға инвестициялар құйып жатыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатқаны, жаңа инвестициялар құйылып жатқаны қуантады», - деп түйді Мэри Уорлик.

Соңғы жаңалықтар