Мемлекеттік қызметшілердің шетелдегі іс-сапарларына 3,5 млрд. теңге бөлінген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде Үкімет мүшелерінің шетелдегі іс-сапарларына бюджеттен 3,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР Қаржы министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге жыл соңына дейін шетелге сапарлауды доғаруды тапсырған болатын.

Өз кезегінде Қаржы министрлігі бұдан бюджет қанша қаражат үнемдейтіндігін анықтау мүмкін емес екендігін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкерлердің шетелге сапарлары шаралар бойынша саналатындықтан, жекелеген Үкімет мүшелерінің сапарларына бөлінетін қаражатты анықтау мүмкін емес.  Шетелдік іс-сапарлардан үнемделген бюджет қаражаттары туралы толық ақпаратты тек қаржы жылының аяқталған кезінде ғана жасалады», - деп атап өтті министрліктен.

«Жалпы мемлекеттік қызметкерлердің, соның ішінде Үкімет мүшелерінің шетел сапарларына 2016 жылы 3,5 млрд. теңге қарастырылған. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша, қаржыны игеру 2 млрд. теңге шамасында тіркелген. Биылғы жылдың 9 айында 3303 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде Үкімет мүшелері 1341 рет шетелге сапар жасады», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар