Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 15 мыңнан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымшылары 15 мыңнан асты. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша салымшылар саны 15500 адамға жетті. Ал салымдардың сомасы шамамен 7,7 млрд. теңгені құрайды», - делінген жауапта.

Сонымен қатар орталық білім беруді қаржыландырудың екі балама көзін ұсынатындығын атап өткен.

Біріншісі білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттің кепіл болуымен берілетін білім беру несиесін талапкерлерге барлық оқу үлгісі бойынша, оның ішінде магистратура үшін де алуға болады. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студенттері де бұл несиені рәсімдеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаны пайдаланған студенттер саны 3 мыңнан асады.

«2005 жылдан бері білім беру несиелеу кепілдендіру бағдарламасы бойынша 3296 студентке 7 мыңға жуық кепілдік берілді. Олардың ішінде 688 кепілдік бойынша дефолт болды», - дейді орталықтан.

Екіншісі, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі. Бұл бағдарлама өзіңізге не болмаса балаңыздың атына келешекте Қазақстанда және шетелде жоғары не жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім алу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салымшының білім беру жинақтау салымында оқу ақысын төлеуге қажетті соманың жартысы жиналған жағдайда оған Қаржы орталығының кепіл болуымен жеңілдікті шарттармен білім беру кредитін алуға болады.

«Бүгінгі күні оқу ақысын толық төлеуге қажетті соманың тең жартысы жиналуына байланысты несие ресімдеу бойынша өтініш әзірше түскен жоқ», - дейді орталықтан.

Соңғы жаңалықтар