Мәскеудегі клиникада екпе жасалған тоғыз адам соқыр болып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің денсаулық сақтауды қадағалау мекемесі «Авастин» препаратынан кейін тоғыз адам зағип болып қалған Гельмгольц атындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтын тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды РИА Новости.

ҒЗИ тексеру жұмыстары клиникадан зардап шеккен пациенттер туралы БАҚ-та жарияланған соң, РФ Денсаулық сақтау министрі тапсырмасымен жүріп жатыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық және байланыс департаментінің директоры Олег Салагай айтып берді.

Олег Салагай: «Гельмгольц атындағы көз аурулары ҒЗИ «Авастин» препаратын қабылдап ауруы асқынған пациенттер туралы ақпарат жарияланысымен, РФ денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау саласындағы қадағалау бойынша Федералды қызметке тексеру жүргізу туралы тапсырма берді».

БАҚ-та Гельмгольц атындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында «Авастин» препаратын қабылдап, тоғыз адамның көру қабілетінен айырылғаны белгілі болды. БАҚ мәліметтері бойынша, «Авастин» көздің тор қабығын шарбыланудан сақтайды.

«Авастин» - шетелдік дәрінің ресейлік баламасы. Мәскеу мен Санкт-Петерборда ғана бұл препарат егіледі. Сондықтан, зардап шеккендердің көпшілігі ресейлік аймақтардың тұрғындары. 

Алдын ала болжам бойынша, дәрі ампулаларында қауіпті инфекция болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар