Мәскеуде ЕАЭО елдерінің бірінші көрме форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-28 қазан күндері Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің «Еуразиялық апталығы» деп аталатын бірінші көрме форумы өтеді.

Шара «Сколково» инновациялық орталығының Технопарк аумағында ұйымдастырылады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен.

Форум аясында еуразиялық технологиялық тұғырнама құру мен дамытудың өзекті мәселелерін, одақтың бірыңғай одағын одан ары құру стратегиясын және одақ компаниялары арасында өндірістік корпорацияларды дамытуды, сонымен бірге жоғары технологиялық тауарлар экспортына жәрдемдесудің қолданбалы міндеттерін талқылау көзделген.

Пікірталас барысында интеграциялық бірлестіктің жоғары технологиялар нарығындағы ойыншы ретіндегі әлеуметі мен шынайы мүмкіншіліктері жан-жақты сөз болады. Еуразиялық экономикалық одақтағы техникалық реттеу конференциясы, Көлік саласындағы мүше мемлекеттің өкілетті органдары басшыларының конференциясы ұйымдастырылады. ЕЭК Америкалық-ресейлік іскерлік кеңеспен бірлесіп, дөңгелек үстел өткізеді.

Мұнан бөлек, одақ елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кедендік реттеуді жетілдіруге, ЕАЭО-ның энергетикалық ресурстарының ортақ нарығын қалыптастыру келешегіне арналған дөңгелек үстел де болады. Форум алаңында Ресей Машина жасаушылар жанындағы Кеден одағындағы машина жасауды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.

«Форум шаралары одақ елдері билігінің ұлттық органдары, Еуразиялық экономикалық комиссия, бизнес қоғамдастық өкілдері, халықаралық ұйымдардың сарапшылар арасындағы тәжірибелік сұхбатқа негізделген. Форум одақ ынтымақтастықты дамытып отырған үшінші елдердің реттеушілері мен кәсіпкерлерінің іскерлік байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар