«Мария Магдалена» әнінің орындаушысы тойда асабамен төбелесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мария Магдалена» әнімен танымал болған қазақстандық әнші үлкен жанжалға тап болды.

Асхат Тарғынов той үстінде, жиналған жұрттың көзінше асабамен жаға жыртысты.

Аталмыш төбелестің видеосы  YouTube арқылы тарап отыр.

«Чип-чип» әнінің орындаушысы Асхат Тарғынов тойда төбелес шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевті сабап тастады», - дейді ролик авторы Рауан Әбілғазин.

Бұл төбелес видеоға қарағанда, мерекелік жиында болғанға ұқсайды. Асаба сахнаға шығып, жастарды биге шақырады. Оның бұл шешімі Асхат Тарғыновқа жақпай қалып, асабаға шамдана бастайды. Сөзге келіп қалған екі өнер иесі бір-біріне жұдырық ала жүгіреді. Той қонақтарына әртістерді арашалауға тура келді.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі бұл төбелестің шынайылығына күмән келтіріп, қойылым болды деп санайды.

Айта кету керек, төбелескен екі әнші бұл оқиғаға қатысты әлі еш тіс жарған жоқ. Асхат Тарғыновтың Инстаграммдағы парақшасы да үнсіз. 

 

Соңғы жаңалықтар