Маңғыстаулық таэквондошы Жақсыбаева Мәскеудегі турнирде «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі халықаралық турнирде ақтаулық спортшы Фатима Жақсыбаева иорданиялық таэквондошыдан басым түсіп, «алтын» олжалады.

Бұл туралы Маңғыстау облысының таэквондодан кадеттер арасындағы аға бапкері Қуанғали Дастанұлы хабарлады, деп жазады sports.kz.

Мәскеуде 22 қыркүйекте ерлер мен әйелдер арасында тхэквондодан алтыншы халықаралық турнир -  «Russian Open-2016» басталған еді. Бәсекеге 50 елден мыңнан астам спортшы қатысты. Олардың ішінде Англия, Франция, Иран, Корея, Түркия және өзге де мемлекеттер бар.

Фатима Жақсыбаева 68 салмақ санатында бағын сынады.

Ақтық сайыста ақтаулық спортшы қыз иорданиялық қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар