Маңғыстау перзентханаларында жыл басынан 95 сәби шетінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы балалар мен сәбилердің өлім-жітімі бойынша республикада екінші орында, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

«2016 жылдың тоғыз айында Маңғыстауда 154 сәби шетінеді, оның 146-сы  - бір жасқа дейінгі балалар. Солардың ішінде 95 бала -  перзентханада, 42 - балалар ауруханасында, 9-ы үйінде көз жұмды. Балалар мен сәби өлімі деңгейінің артуы Ақтауда, Түпқараған және Бейнеу аудандарында байқалды.  Аудандық орталық ауруханалардың  босандыру бөлімшелерінде нәрестелер өлім-жітімінің коэффициенті  13% құрады. Екінші деңгейлі перзентханаларда - 7%, облыстың перинаталдық орталығында - 80%. Денсаулық сақтау басқармасы өткізген тексеріс Бейнеу, Түпқараған және Қарақиян аудандарында қайғылы аяқталған жағдайлардың көбеюі екіқабат әйелдердің есепке уақытында тұрмауымен, тексеруден толық өтпеуімен, мерзімінен бұрын босанумен және балаларды ауруханаға жатқызу тәртібінің бұзылуымен байланысты болғанын көрсетті»,   - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Марал Қадір.

Марал Қадірдің сөзіне қарағанда, 70% жағдайда шақалақтар дүниеге келгеннен кейінгі 28 күн ішінде шетінеген.  

«2016 жылдың басынан туа біткен сырқаттар салдарынан 18 бала көз жұмды. Жеті нәресте тыныс алу органдарындағы ақаулар пен оқыс оқиғалар салдарынан бақилық болды.  Төрт сәби үйінде ажал құшты, себептерін анықтау мүмкін болмады, сот-медициналық сараптама жүргізілмеді, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, балалар арасындағы өлім-жітім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Қызылорда облысында тіркелген.  

Соңғы жаңалықтар