Макгрегор мен Альварес жекпе-жегі Нью-Йоркте 12 қараша күні өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтағы жекпе-жек шеберлерінің абсолютті чемпионатының (UFC) титулы үшін жартылай жеңіл салмақтағы ирландық Конор Макгрегор мен жеңіл салмақтағы америкалық Эдди Альварестің жекпе-жегі 12 қараша күні Нью-Йорктегі "Мэдисон-сквер-гарден" аренасында өтеді.

Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлады.

28 жастағы Макгрегор өз спорттық жолын 2008 жылы бастады. Бүгінге дейін ол 23 кездесу өткізіп, жиырмасында жеңіске (17 нокаут) жетті. Макгрегор UFC чемпионының бірінші атағын 2015 жылы жеңіп алды. Нейт Диастан басым түскен К.Макгрегор 3 млн. доллар - ұйым тарихындағы ең үлкен гонорарға ие болды. 

Соңғы жаңалықтар