Магистральдағы апат салдарынан Қарағандыда бірқатар көшелер ауызсусыз қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда магистральдық су таратқышында апат болды, салдарынан бірқатар көшелер ауызсусыз қалды. Бұл туралы «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

«24 қыркүйекте таңертең Ермеков көшесінде диаметрі 300 мм  магистральдық су таратқышында апат болды. Орталық сумен жабдықтау цехы 7.30-да апатты жоюға кірісті», - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Апат салдарынан Пичуги, Пассажирский, Ермеков, Нүркен Әбдіров, Ерубаев, Комиссаров көшелері, Бұқар Жырау даңғылындағы  80-нен астам көп қабатты үйлер мен жеке үйлер суық сусыз қалды.

Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстары жалғасуда. Тұтынушыларға суық суды кешке дейін күте тұруға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар