Лорд Вульф Кеннет «Болашақ» арқылы қазақстандық судьяларды Ұлыбританияда оқытуға жәрдемдеспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Мәми Ұлыбританияның экс-Жоғарғы судьясы лорд Вульфпен кездесті. Іс-шара лорд Вульфтың «Астана» халықаралық қаржы орталығына сапары шеңберінде өтті, деп хабарлайды Жоғары Соттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ. Мәми Вульф мырзаға Елбасының бастамасымен Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесін реформалау бағытындағы жүргізілген жұмыспен таныстырды.

«Қазақстан бизнес пен елдің инвестициялық тартылымдылықты арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға аса мән беріп отыр. Астанада ЭКСПО - 2017 инфрақұрылымының базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC)  құрылуда. Ол жеңілдетілген салық режимімен ағылшын құқығы қағидаттары және нормаларына және әлемдік жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделетін болады», - деп атап өтті Қазақстанның Жоғарғы Сотының төрағасы.

Шетелдік меймандар құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Кореяның жетекші заңгерлері мен ғалымдары кіретін Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің жұмысы туралы хабардар болды. Кеңес сот-құқықтық реформаларды жүргізуге консультатив тұрғыда қолдау көрсетуде.

Мейман «Астана» қаржылық орталықтың негізінде құзыреттілігі елдегі дәстүрлі соттан өзгешеленетін арнайы сотты құру «мемлекеттің жетілу туралы куәландыратын ерекше тәсілдеме» деп атады. Мұндай қадам, Вульф пікірі бойынша Қазақстанда қызмет ететін шетелдік компанияларға елдің достастығына және соттың тәуелсіздігіне сенімділігін күшейтеді, оның инвестициялық тартымдылығының өсуіне ықпал етеді. Ұлыбританияның Жоғарғы судьясы өзінің Дубай, Гонконг және Катардағы ұқсас соттардың қалыптасуына және жұмысына қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Лорд Вульф Ұлыбританияның жоғарғы сот сатыларында қарастыру үшін істерді іріктеу қандай критерийлер бойынша іске асырылатыны және ағылшын соттарының сот тәжірибесіндегі әділеттілік қағидатын қолдану тәсілдері туралы айтты. Шетелдік меймандар «судьялардың судьялармен оқытылуынан артықтың жоқтығын» білдіре отырып,  «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық судьялардың Ұлыбританияда білім алуда жәрдемдесуіне әзірлігін білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар дауларды шешуде альтернативті әдістерінің дамуы туралы пікірлерімен алмасты және Қазақстан мен Ұлыбритания сот жүйесінің арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет екендіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар