Лилия Рахтың адвокаты судьяға наразылық білдірмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лилия Рахтың адвокаттары судьяға наразылық білдірмек, деп хабарлады сот залынан «ҚазАқпарат» ХАА.

Алматыда Алмалы аудандық сотында Лилия Рах ісі бойынша сот талқылауы жалғасуда. Кеше баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз екі куәгерден жауап алынған. Бүгін істі қарап жатқан судья Қуаныш Әріпов сотталушының бұлтартпау шарасын өзгерту туралы Лилия Рахтың адвокаттарының қолдаухатын қанағаттандырусыз қалдырды. Лилия Рахтың адвокаты Владимир Хан судьяға наразылық білдіретінін айтты.

Еске салсақ, жәбірленуші Хамро Суванов сот талқылауы барысында оның ұрлануына Лилия Рахты кінәсіз деп санайтынын айтып, оның атына талапарыздан бас тартқан. Лилия Рахтың адвокаты айыпталушының бұлтартпау шарасын денсаулығына байланысты қамауда ұстаудан кепілге ауыстыру туралы өтініш берген, алайда сот барлық айыпталушылардың тұтқындау мерзімін 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзартты.

Барлық айыпталушылар өз кінәлерін мойындаған жоқ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда сән индустриясында белгілі бизнесвумен Лилия Рах тұтқындалған. Әйел «адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен, пайдакүнемдік мақсатта тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау» бабы бойынша күдікті.

Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Мисиров және Бақыт Шалбаев ҚР 125-бабы 1,3,4,8-тармақтары 2-бөлігі бойынша сотқа берілді. Іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына түсті.

Лилия Рах Sauvage дүңгіршегі және «люкс» сыныбымен бірнеше дүкендердің иесі, байер болып табылады. Алмалы аудандық сотының деректеріне сәйкес, Лилия Рах 27 шілдеде тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар