Қытайда әлемдегі ірі FAST радиотелескопы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдары әлемдегі ірі FASТ (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) радиотелескопын пайдалануға енгізді. Оның алаңы 30 футбол алаңына теңеседі, деп хабарлады People's Daily.

Бүгін телескоп өзінің алғашқы түсірілімін жасайды. Бір апта бұрын телескопқа арналған 30 тонна сәулелендіргіш орнатылды.

2011 жылы наурызда басталған телескоп дайындау 2016 жылы шілдеде аяқталды. Құрылғының диаметрі 500 м, оның 4, 450 мың үш бұрышты шағылдырғышы бар, телескоп Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясындағы тау биігіне орнатылды.

Square Kilometer Arra (SKA) жобасы операторының басшысы Филип Даймондтың айтуынша, FAST «біз бұрын еш уақытта көрмеген заттарды» ашуға мүмкіндік береді. «Қытайлық көреген көз» ерекше ғарыш нысандарына бақылау жүргізуге, ғалам эволюциясын зерделеуге, жерден тыс өркениет  іздеуге мүмкіндік береді.

null null 

Соңғы жаңалықтар