Қырымбек Көшербаев ұстаздарға алғысын білдірді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 қыркүйек күні облыс әкімі Қ.Көшербаев мұғалімдер мерекесіне орай, аймақтағы жаңашыл педагогтар мен ардагер-ұстаздарды қабылдады.

Кездесуге барлығы 40-тан астам мұғалім қатысты.

Сырдария ауданынан келген 80 жастағы Мұқаш Жүсіпова, 75 жастағы Жалағаш ауданының мұғалімі Әлтай Пірманов және қызылордалық 70 жастағы Сайлаукүл Демесінова мектеп көлемінде өткізген ауқымды шараларын еске алып, естеліктерімен бөлісті.

Жаңашыл ұстаздар білім беру жүйесіндегі әдістемелерімен бөлісіп, аймақтағы білім саласының өзекті мәселелері жөнінде ойларын ортаға салды.

«Бауыржан Момышұлының «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз», деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, өмірдің қыр-сырын танытатын да - Сіздер, ардақты ұстаздар! Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұстаз еңбегін ерекше бағалап, атап өтуді заңдылық деп білемін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын»,- деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ,  облыс әкімі ардагер-ұстаздар мен білім беру саласының жаңашыл мамандарына сый-сияпаттарын табыстады. 

Соңғы жаңалықтар