Қырғызстанның мемлекеттік қарыздары шегіне жетті - ХВҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның мемлекеттік берешегінің деңгейі шегіне жетті және бұл елде дағдарыс орнауы әбден мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының Қырғызстандағы миссиясының басшысы Эдвард Джемайэль баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазады kyrtag.kg.

«Қырғызстанның мемлекеттік қарыздары соңғы 2-3 жылда айтарлықтай өсіп кетті. 2014 жылы оның көлемі орта есеппен алғанда, ЖІӨ-нің 43-44 пайызын құрайтын. Қазір ол 70 пайызға жетіп қалды және бұл жағдай үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.  Біздіңше, елдің қарызы дағдарыс тәуекелінің төзімді деңгейінде. Алайда, ол шегіне жетіп қалды және алдағы уақытта жағдай әбден мүшкіл болуы мүмкін», - деді Джемайэль.

Оның сөзінше, бұл үкімет үшін сырттан тартылатын займдар өседі деген сөз. Ал, ресурстарды әлеуметтік-экономикалық даму бағытына бөлу мүмкіндіктері азаяды. «Осыған байланысты біз ресми органдарға бұл мәселеге сақтықпен қарауға кеңес береміз», - деді ХВҚ миссиясының басшысы. 

Айта кетейік, Джемайэль басқаратын ХВҚ-ның миссиясы Бішкекте 2016 жылдың 15-28 қыркүйегі аралығында болды. Сапардың мақсаты - Кеңейтілген несие тетіктері бойынша келісімдер негізінде бағдарламаның 3-ші шолуын өткізу болып табылады.  

Айта кетейік, 2016 жылдың 31 шілдесі күнгі мәліметтер бойынша Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд, 72,2 млн-ды құрады. Оның ішінде сыртқы қарыз 3 млрд 762,6 млн болып отыр. 

 

 

Соңғы жаңалықтар