Қырғызстанда Иракқа адамдар жіберген экстремист ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері адамдар тартып, оларды Сирия мен Иракқа жіберген ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы KABAR баспасөз орталығына сілтеме жасап  хабарлады.

Қырғызстанда лаңкестік ұяшықтар мен астыртын инфрақұрылым қызметін жоюға бағытталған ҚР МҰҚК лаңкестік бақылау шаралары барысында Ош облысы аумағынан «Джамаат Таухид ва Джихад» тобының белсенді қатысушысы  Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды.

Ведомство баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмысты  тергеу аясында оның Ош облысы аумағында Қырғызстан азаматтарының диверсиялық-лаңкестік дайындықтан өту және лаңкестік құрам жағында соғысқа қатысу үшін сирия-ирак аймағына жіберуді ұйымдастырғаны анықталды.

Ұсталған азаматқа қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ер адам УҰИ-ға қамалды.

Соңғы жаңалықтар