Қырғызстан ел Конституциясының түпнұсқасын жоғалтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан билігі ел Конституциясының түпнұсқасын таппай дал.

Бұл туралы Жогорку Кенештің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kg-ға сілтеме жасап.

Әділет министрі Жылдыз Мамбеталиева Ата заңның түрнұсқасы Қырғыз Республикасы президенті аппаратында орналасуы тиістігін атап өтті. Бірақ Жогорку Кенештегі президенттің уәкілетті өкілі Молдакун Абдылдаев түпнұсқа қандай аппаратта, қандай шенеунікте жатқанын білмейтіндігін мәлім етті. Ел президентінің Кеңсесі құжатты іздегенімен - таппады.

Депутат Наталья Никитенко («Ата Мекен» партиясы) комиссия құрып, жағдайдың мән-жайын анықтауды ұсынды. «Конституцияға өзгерістерді қалай енгізе аламыз, егер оның түпнұсқасы қайда екенін білмесек?», - деді ол.

Оны Аида Салянова («Ата Мекен» партиясы) да қолдады. «Екі ресми өкіл тұпнұсқаның жоқтығын мәлім етті. Өзгеріс енгізбестен бұрын оны табу қажет. Әйтпесе өзгерістерді қайда енгізіп жатқанымыз белгісіз ғой», - деп атап өтті ол.

Бұған Жогорку Кенеш Комитетінің төрайымы Әсел Кодуранова (Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы) «дәл Аида Салянова 2010 жылы Әділет министрлігі неліктен ел Конституциясының түпнұсқасын емес, көшірмесін қабылдап жатқаны туралы сұрауы керек еді», деген жауап қайырды.

 

Соңғы жаңалықтар