Күйеуі соққыға жыққан Б.Есентаева жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші, продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханасына пышақ және бас-сүйек жарақатымен жатқызылды.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 10 маусымда сағат 12.15-те жедел жәрдем көлігі оқыс оқиға орын алған жанармай құю стансасына барған. Кейінірек Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевпен кикілжің барысында соққыға жығылғаны анықталды.

Күйеуі Б.Есентаеваны соққыға жығып, ішінен пышақтаған. Ол аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған 3 сағатқа созылған ота жасалған.
«Баян Есентаева әлі есін жиған жоқ, оның жағдайы ауыр, ол аппаратқа қосылған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал, Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ІІБ-іне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар