«Құнанбай» фильмі Уфада өткен фестивальдің жүлдесін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфада өткен «Күміс Ақбозат» III халықаралық ұлттық және этностық кинолар фестивалінде «Құнанбай» фильмі Әмір Әбдразақов атындағы «Ұлттық рух үшін» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды bashinform.ru.

Үш күнге созылған байқауға түрлі елдің 24 фильмі  қатыстырылды.
«Башқұрстан» мемлекеттік концерт залында фестиваль жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлде - Гран-приді  Бангладештен келген «Жалал тарихы» атты Әбу Шахед Эмонның толық метражды фильмі иеленді.
Қазақстан фильмі Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбайы» Әмір  Әбдразақов атындағы «Ұлттық рух үшін» сыйлығына ие болды.
Сонымен қатар, үздік операторлық жұмыс, үздік сценарий, үздік режиссерлік жұмыс аталымдары бойынша бірқатар фильмдер марапатталды.
Салтанатты жабылу кешті ресей әртісі Артём Михалков пен Башқұрт жастар театрының актрисасы Гүлшат Гайсина жүргізді.
Еске сала кетсек, «Құнанбай» тарихи көркем фильмі 2015 жылдың 15 мамырында тұсаукесері өткізілді, ал фильм жыл соңында жалпыұлттық прокатқа шықты. Ол ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған.
Фильмді қазақстандық кинорежиссер,
Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов түсірген.
Көркем фильм сценарийін Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды.
Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген.

 

 

Соңғы жаңалықтар