ҚР ҰОК қазақстандық спортшыларға қарсы шара қолданылғанын растайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзаларынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Мұндай ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында да жарияланды.

«Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол Ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың   нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыларға қолданылатын жазалардың мерзімін тиісті халықралаық федерациялар анықтайды», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, «әділ спорт» қағидалары мен  таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау  -  Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты.

Соңғы жаңалықтар