ҚР ҰЭМ: Жыл соңына дейін азық-түлік тауарларына баға айтарлықтай өспейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға елеулі деңгейде өспейтінін алға тартуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына осы ведомстводан хабарланды.

Атап айтқанда, министрлік нарықтар теңгеріміне талдау жүргізіп, соның нәтижесінде ішкі нарықта әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының өсіміне ықпал ететін бірқатар себептер анықталған.

Осы ретте әлемдік нарықтардағы баға конъюктурасының өзгеруі мен валюта бағамы, табиғи монополия қызметтеріне тарифтердің жоғарылауы ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда электр энергиясына 7,9 пайызға және жанар-жағармайға 15,6 пайыз деңгейіндегі өсім азық-түлік тауарларының қымбаттауына әсер етті.

Бұдан бөлек, тауарлар бағасына маусымдық ауытқулар ықпалын тигізуде. Жыл сайын қоймаларда тауарлардың кейбір түрлеріне қор азайған кезде бағаның күрт өзгеруі байқалады. Осы орайда тауар құны әсіресе сәуір-тамызда жоғары болады.

Сонымен қатар экспорттық жеткізілімдердің әсері де бағаның қалыптасуына түзетулер енгізеді. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуін және кедендік шекаралардың ашықтығын, оның ішінде Ресей мен Қырғызстанды ескере отырып, шекараға шектес нарықтарда бағаның жоғарылуы кезінде тауарлардың жылыстауы орын алады. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта тауар құнының өсіміне алып келеді.

«Бүгінде жоғарыда аталған факторлар бағаның өсіміне өзінің ықпалын тиігізіп үлгерді және жыл соңына дейін айтарлықтай баға өсімі болжанып отырған жоқ»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2016 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағалар индексі 108,1 пайызды құрады

Соңғы жаңалықтар