ҚР Президенті 2017 жылы Беларусь Республикасына сапармен барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті 2017 жылы Беларусь Республикасына сапармен барады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі Ерғали Бөлегенов мәлім етті.

"Соңғы рет Қазақстан Президенті Беларусьқа 2012 жылы барған болатын. Өз кезегінде Беларусь елінің Президенті Қазақстанға 2013 жылы ат басын тіреген. Бұдан соң, әлемдік конференциялар мен саммиттерде, ҰҚШҰ, ТМД, ЕАЭО, ИЫҰ саммиттерінде де жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізді", - деп атап өтті Елші.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің Беларусьқа жоспарланған іс-сапары 2017 жылға ауыстырылған.

"Қазір біз бұл сапардың толымды өтуі үшін дайындық жұмыстарын жасаудамыз. Себебі ол жай сапар емес, екі мемлекеттердің серпінді жобалары бойынша келісімдерге қол қойылуы керек. Қазір екі жақ та осы бағытта жұмыс істеуде", - деді Е. Бөлегенов. 

Соңғы жаңалықтар