ҚР Премьер-Министрі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру барысын талқылау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Айта кетейік, бағдарлама 2013 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салалық бағдарламасы аясында бастау алған.

Құжат екінші деңгейлі банктердің АӨК субъектілерін өз қаражаты мен сыйақы мөлшерлемесін төмендету және АӨК субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелерін қайтару мерзімін ұзарту арқылы «ҚазАгро» холдингінен тартылған қаражаттар есебінен қаржылық сауықтыруды қарастырады.

 

Соңғы жаңалықтар